Қостанайда ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсететін "Мама Про" орталығы ашылды. Ол жұмыс істейтін мүмкіндігі жоқ аналарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған. Қазіргі таңда қор еліміздің бірнеше қаласында іске қосылған. Нәтижесінде, өз жеке кәсібімен айналысып, табыс тауып отырған аналардың саны күн сайын артып келеді.