Өңірде күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Бірінші қыркүйектен басталған шара желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі. Биыл күзгі мерзімді әскери қызметке 18 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. Ал, Қостанай облысынан қарулы күштер қатарын 170 сарбаз толықтырады.