Пікірсайыс - ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық деңгейде дебат турнирі өтті. "Қостанай облысының пікірсайыс қозғалысын қолдау" жобасы шеңберінде өткен пікірталасқа басқа қалалардан ойыншылар қатысты.