Қостанай  облысында биыл алғаш рет кір сабын шығарыла бастаған еді. Бұған дейін аймақта мұндай кәсіппен ешкім айналыспаған. Алайда көп ұзамай Рудный қаласындағы шағын цех жұмысын тоқтатты. Нарықта сұранысқа ие, елімізде сирек өндірістің әрі қарай өркендеудің орнына тұралап қалуының себебі неде?