Амангелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Барлық сала бойынша ілгерілеушілік бар. Экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етіп, халықтың табысын арттыру басым бағыт. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Талғат Карбозов мәлім етті.