Сарыкөл ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуде біраз шаруа атқарылуда. Мұнда осы саладағы жұмыспен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға жасалатын қаржылай қолдау мол. Аудан басшылары да кемтар балалардың ата-аналарымен кездесіп, орын алған өзекті мәселелерді мезгілінде шешіп отырады.