Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде  машина жасау саласына қатысты ғылыми және білім беру консорциумы  құрылды. Ол Қазақстан Републикасындағы кәсіпорындарға кәсіби шеберлігі жоғары мамандар әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жобаға Қостанай өңірлік   университетімен қатар, механика және инженерлік ғылым ғылыми-зерттеу  институты және өлкеміздегі ірі заводтар мен компаниялар да атсалысуда.