Азаматтардың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуын қамтамасыз ету. Өңірде «Халық қатысатын бюджет - 2023» жобасына өтінім беру аяқталды. Енді мақұлданған ұсыныстар мен тың бастамаларға тұрғындар дауыс беретін болады. Ол 5-ші сәуірден 24-ші сәуірге дейін жалғасады. Жалпы, жобаның тиімдігі мен нәтижесі қандай? Биыл қанша өтінім қабылданған? Осы және өзге де сауалдар қалалық әкімдікте талқыланды.