Соңғы жылдары «Қостанай» әуежайына келушілер саны артқан. Былтырдың өзінде ол 162 мың жолаушыға қызмет көрсеткен. Алайда, аэровокзал халықаралық стандарттарға сай емес. Өңірде бұл мәселені шешуге бағытталған жоспарлау жұмыстары басталып кетті. Халықаралық дәрежедегі әуежайды кеңейтіп, жолаушылар ағынын арттыру көзделіп отыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов іске асырылатын жобаның құрылысымен танысты.