Алтынсарин ауданы  таңмен таласа оянып, әз наурызды тойлауға асықты. Өйткені, наурыз табиғатпен бірге тіршілік атаулының түрленіп, көк тастың жібіп, қайта түлейтін көктемнің шуақты мерекесі. Мерекелі де берекелі аудан орталығында шатырлар мен киіз үйлер орнатылды. Сонымен қоса, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.