Өткен жылы облыс орталығында 124 қылмыстық оқиға тіркелген. Нәтижесінде 790 азамат жауапқа тартылған. Қылмыстың басым бөлігі тәуліктің түнгі уақытында орын алғаны анықталып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында қала әкімі Марат Жүндібаев  облыстық прокуратура қызметкерлерімен жиын өткізді.