Қарабалық ауданында шағын және орта бизнес саласына тартылған инвестиция көлемі артқан. Былтыр бұл көрсеткіш 12 млрд теңгеден асты. «Кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұлттық жоба» аясында жеке ісін ашқан азаматтар да аз емес. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылуда.