Бірлік пен достық мерекесі. Қостанайда Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шаралар бастау алды. «Наурыз әр аулада», «Үздік киіз үй» тағы басқа көптеген байқаулар ұйымдастырылып, орталық алаңда жергілікті өнерпаздар мейрамның көрігін қыздырмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндалды.