Өңдеу өнеркәсібі - экономикалық өсімнің негізгі драйверінің бірі болып саналады.Бұл сала еліміз бойынша 4,8 процентке,ал, машина жасау саласы 8 процентке жуық өсіпті. Жақында  үкімет отырысында Қостанай облысының барлық салалар бойынша оң көрсеткіштерімен көш бастап тұрғаны атап  өтілді. Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы өңдеу өнеркәсібіндегі  сыртқы кері әсерлерді кемітіп, ұлттық экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жандандыруды тапсырды.