Полиция департаментінде ержүрек полиция қызметкерлерімен кездесу өтті. Олар бұған дейін өздерінің қызметтік міндеттерін орындап, ойланбастан адамдарды өрттен, өлімнен аман алып қалған болатын. Жиында бүгінгі күннің батырлары ұлықталып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.