Мұражай - ел шежіресі. Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінде Торғай қолөнер училищесінің 140 жылдығына арналған іс-шара өтті. «Шебер қол, зерек ой» шарасының қонағы Еркөкше Кенкеновтың 50-ге жақын еңбегі ұсынылып, келушілер ұстаның қолымен жасалған «Алтын адамды» тамашалады.