Шіріген ағаштан шедевр жасайтын шебер! Сарыкөл ауданындағы Тәгіл ауылының тұрғыны Владимир Токарев ағаштан түйін түйеді. Жасаған дүниесін жәй ғана сәндік үшін де, тұтынатын бұйым ретінде де пайдалануға болады. Жұбайы Олияның да он саусағынан өнер тамады. Тоқыма тоқиды, күйеуі жасаған дүниелерді безендіріп, кесілген ағаштың қалдықтарынан ойыншықтар жасайды.