Былтыр  Қостанай облысында «Кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 45 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды. Бұған үкіметтен осы саланы қолдауға қаралған  қаржылай көмектің тигізген игі әсері мол. Осы шараның арқасында  Қарабалық ауданында да 1143 адам жұмыспен қамтылыпты.