Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа жүйесі нәтиже бере бастады. 2022 жылы жылы Қостанай облысында осындай деректер туралы хабар бергендері үшін төрт азаматқа қаржылай сыйақы берілген. Айта кетейік, жемқорлық жайын хабарлаған адамға қатысты мәліметтер құпия ұсталады. Және қазіргі күні оларды қорғау жүйесі жетілдіріле түскен.