Қостанайда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілді. Бұл мақсатқа 22 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиында баяндалды. Шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстардың мерзімінде, әрі тиімді орындалуы бойынша нақты тапсырмалар берді.