Қостанай қаласында жастарға арналған "Жас Шаңырақ"бағдарламасы қарқын ала түсті. Аталмыш жоба 35 жасқа дейінгі жас отбасыларға қолжетімді шарттармен жеке баспана алуға мүмкіндік береді. Бүгінде бағдарлама аясында 36 жанұя пәтер кілтіне ие болды.