Ағымдағы 2023 жыл-облыстың архив саласы үшін айтулы жыл. Биыл Қостанай өңірінің архив қызметі өзінің 100 жылдығын атап өтуде. Жалпы бұл саланың тарихы 1923 жылдан бастау алған. Осы уақыт арадығында бірталай өзгерістер болды.


Бүгінде облыстың мемлекеттік архивтерінің қорында 1,5 млн.астам құжаттар сақталуда. Бұл басқарушылық және ғылыми-техникалық құжаттамалар, фото, видео, жеке құрам бойынша құжаттар, сондай-ақ 350-ден астам азаматтың жеке текті құжаттары. Қор өзіндік орны бар тұлғалар есебінен үнемі толықтырылып отырады.   


Архив саласында заманауи үрдістің толқынымен цифландыру жүйесі қарқынды жүргізілуде. 2018 жылдан бастап жоғары жылдамдықты планетарлық сканерлер жүйелері енгізілген.


Жалпы облыстың аудандары мен қалаларында жылдан жылға аймақтық архив ашылуда. Қазірдің өзінде 20 филиал бар. Ал қызметкерлер саны 250 -ден астам адамды құрайды.


Ағымдағы жыл бойына архив саласының мерейтойын атап өтуге бағытталған біраз іс-шара жоспарда тұр. Себебі, архив -барлық Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды сала.