Қостанайлық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын бастады. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, биыл шаһардағы 404 тұрғын үйді су басу қаупі төніп тұр. Олардың алдын алу үшін рейдтік жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынбақ.