Өңірде қылмыстық құқық бұзушылық бойынша көрсеткіш 16,4 %-ға төмендеді. Қостанай облысы республика бойынша 7-ші орында. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма басшысы осылай дейді. Марат Қайбжанов арнайы брифинг барысында бұзақылық, ұрлық, алаяқтық сияқты қылмыстардың біршама бәсеңдегенін айтты.