Қостанайда облыстық білім басқармасына қарасты «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығында» Эмоционалды зияткерлік инновациялық жобасы іске қосылды. Ол жоба жеткіншектердің жеке басына байланысты проблемаларды оңтайлы шешуді, тығырықтан шығудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынады. Бұл ретте кәсіби психологтар қызмет көрсетеді.