Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, жергілікті билік өкілдерінің үлкен қолдау көрсетуімен елімізде «Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау» жөніндегі комиссия құрылып, өз жұмысын жалғастырып келеді. Ауқымды 7 бағыт бойынша зерттеу  іс-шараларының нәтижесі бүгінде көңілге қонымды. Бірқатар тарихи деректер анықталды. Жергілікті ғалымдардың жыл басынан бергі тындырған толайым тірлігін тілші баяндайды.