Әлемдік стандарттарға лайықталған білім беру жүйесін құруды мақсат еткен мемлекет жастарды тек оқытуға ғана емес, олардың тұрмыс жағдайын түзеуге де айрықша көңіл бөлуі тиіс. Себебі санасын тұрмыс билеген жастардан жасампаздық күту қиын. Өмір сүру сапасы артқан жағдайда ғана алаңсыз білімге ден қоюға болады. Осы ретте ел ертеңі, жастардың қамын ойлаған кәсіпкер Қостанай қаласында өз қаражаты есебінен студенттер үйін салып берді. Жаңа жатақхананың салтанатты ашылу рәсіміне өңір басшысы қатысты.