Қазгидромет мамандарының болжауынша, қараша айының соңғы күндері күн суытып, қолайсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы күндіз минус 15 пен 20 градустың аралығында болады. Түнде сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Аптаның алғашқы күндері облыста Солтүстік суық антициклонының әсері сақталады, термометр көрсеткіші төмендеп, аяз болмақ. Ал, 23-30 қараша аралығында Атлантика циклоны батыстан шығысқа қарай жылжып, өңірдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты қар жауып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал, желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде күн жылытпақ. Синоптиктер  осындай болжам жасап отыр.