Бұл саяси науқанда әрқайсымыздың дауысымыз маңызды. Жауапкершілікті арттырады. Елдің ертеңіне енжар қарамауға шақырады. Сондықтан елдің әр азаматының парызы – қоғам өміріне араласу, сайлаудан сырт қалмау, - дейді қостанайлық тұрғындар.
Бұл саяси додада бастысы, кәмелетке толған ҚР азаматы болсаңыз жеткілікті. Президенттікке үміткер кез келген кандидатка дауыс беру құқығына иесіз. Тек таңдау жасап, тиісті талаптарды орындасаңыз болғаны. Болашақ үшін дауыс беру мақсатында түрлі мекеме-ұйым өкілдері де сайлау учаскелеріне көптеп келуде.