Жітіқара ауданда жыл сайын спорт нысандарының құрылысын жүргізу игі дәстүрге айналған. Қазіргі уақытта ауданда 800-ден астам бала жергілікті спорт мектебінің түрлі секцияларына барады. Мұнда аулалар мен жергілікті мектептер шағын футбол, воркаут алаңдары мен балалар ойын кешендерін салу жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Ауданда инфрақұрылымды дамытумен қатар, түрлі біріншіліктер мен чемпионаттар өткізіледі. Бұған дәлел Ержан Тәтішевті еске алуға арналған спартакиада. Бірнеше күн бойы спортшылар бірден бірнеше спорт түрінен жарысты.