Қостанайда әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілердің тәртібі қаралып, заң бұзушылыққа жол берген бірнеше тұлғаға ескерту жасалды. Кеңес отырысына тәртіптік жауапкершіліктері қаралатын тұлғалар, мемлекеттік қызмет істер агенттігінің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.