Мектеп – тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен қатар, өрендердің бойға біткен қарым-қабілеттерін дамытып, өнерге баулитын, жан-жақты тұлға қалыптастыратын қайнар бұлақ, алтын ұя. Осы орайда ағарту нысандары қабырғасында жұмыс істейтін сан түрлі үйірмелер саналы ұрпақ тәрбиелеуге сүбелі үлес қосады. Қала мектептерінің бірінде шәкірттер шығармашылығын шыңдап келе жатқан үйірмелер жайында біле отырыңыздар.