Қылмыстық-атқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу үшін Қазақстанға алғаш рет Уганда мен Тунистің пенитенциарлық қызметтерінің делегациялары келді. Екі күндік іс-шара Қостанай академиясында өткізілді. Онда «экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.