Қостанайда жастар ресурстық орталығының мүшелері мен еріктілер студенттермен кездесу өткізді. Мемлекеттік бағдарламалар, оның аясында жұмысқа орналастыру шарттары және жастар практикасы жобасы түсіндірілді. Жиынға заңгерлер мен психологтар да қатысып, сауалдарына жауап берді.