Қостанайдағы баспана дауы Президентке дейін жетті. Облыс орталығының тұрғыны Елена Шарафутдинова әкесінен қалған үйді біреулер жалған құжат жасап сатып жібергенін айтады. Ал баспананың жаңа иесі бәрі заңды деп отыр. Себебі Еленаның әкесі көзі тірісінде үйін үлкен қызы Людмилаға мұраға қалдырыпты. «Сондықтан біз баспананы заңды иесінен сатып алдық» дейді. Шым-шытырық мәселенің шырмауын әріптесім Дәуренбек Әбдібек тарқатып көруге тырысты.