Белинский ауылдық округіндегі «Заря» шаруа қожалығы 90-шы жылдың соңында құрылған. Сол кезеңдегі ауылшаруашылығы саласындағы қиыншылықтарға қарамастан, қожалық қызметі еш тоқтамаған. Серіктестік басшысы - Валерий Регель қашанда қол астындағы жұмысшылардың жағдайын жақсартуды қаперінен шығармайды. Мемлекет тарапынан зор көңіл бөлініп жатқанда, кәсіпкерлер де азаматтардың еңбекақысын еселеу мәселесіне енжар қарамайды, - дейді ол.
Әділбек Сағындықов бұл қожалықта 15 жылға жуық механизатор боп еңбек етіп жүр. Негізгі жұмысымыз наурыз айында баталады. Көктемгі дала жұмыстарына техника дайындаймыз. Содан орақ науқаны аяқталғанша уақытымыз егістік алқаптарында өтеді. Дегенмен, жалақымыз еңбегімізді ақтайды. Табысымыздың көлемі өсіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш дейді.
Елбасы тапсырмасын екі етпей орындайтын жергілікті кәсіпкерлер «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Туған жер» жобасына да қолдан келгенше үлестерін қосуда. Солардың көмегі арқылы ауылдағы біраз ғимараттар жаңарып қалды, - дейді селолық округ әкімі.
Мемлекеттік бағдарламалардан шет қалмаған шаруа қожалығы келер жылы егістік алқаптарын цифрландыру шараларын қолға алмақ. Бұл бізге мол өнім алуға зор мүмкіндік береді. Президент саясатын іске асыруда үлкен пайдаға кенелмесек, одан еш ұтылмаймыз, - дейді қожалық басшысы.
Айдын Шәйкенов