Елбасы ұлттық мәдени мұрамызды сақтау – басым бағыт екенін айтты. Бұл ретте, өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Соның бірі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, күйші-композитор Айтбай Мұздахановтың сазгерлік кеші өтті. Кеш ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласының Ұлт аспапттар оркестрінің белді мүшесі, композитор, домбырашы Анар Мұздаханова.
Кештің шымылдағы «Амангелді дүбірі» атты күймен түріліп, бірден көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Шығармашылық жолында көп еңбек пен ерекше ізденісті талап ететін дарын иесінің репертуарында бүгінде 60-қа жуық күй мен 40 шақты ән бар. Олардың жанрлары да әртүрлі.
Айта кетейік, сазды кеш жастар жылына орайластырылған.
Лаура Алтынбек