Қостанайлық қауымға Қайсар Әлім өзінің қайталанбас туындыларымен, әдебиетке деген адалдығымен танылған тұлға. Шығармашылықпен айналысқанына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиында қаламгер жұртшылыққа өзінің баспасөз саласында істеп жүрген кездегі ескірмес естеліктерін де айтты.
Сондай-ақ, кеш аясында жазушының алты бірдей кітабы таныстырылды. Атап айтқанда «Міржақыптың оралуы», «Безінген ләйлек», «Өз өрмегім», «Қызбелдің Қайсары» сияқты жинақтар оқырманға ұсынылды. Белгілі режиссер Қалила Омаровтың «Қалам киесі» атты Қайсар Әлім туралы деректі фильмі көпшілікке көрсетілді.