2020 жылы бағдарламаның 3 бағыты бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылды. Осылайша, "Туған жер" арнайы жобасы аясында меценаттармен, туған жер тумаларымен және азаматтық қоғаммен кешенді өзара іс - қимыл ұйымдастырылады. 300-ден астам меценаттың қатысуымен 14 мектеп жөнделді, 21 балалар және спорт алаңы салынды, 4 робототехника кабинеті ашылды, 9 мұқтаж отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, облыстың әлеуметтік мекемелерін 402 млн.теңгеден астам сомаға материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру жүргізілді. 2021 жылы осы арнайы жобалар бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бүгінгі таңда "Көркейе бер, Қостанай" жобасы аясында жоспарланған 160 іс-шараның 26 – сы аяқталды, 24 -і іске асырылу сатысында, 110 жоба жоспарлау сатысында тұр. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдіктеріне іс-шараларды сапалы әрі мазмұнды өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, "Рахмет саған, Туған ел!» бағдарламасы бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді.