Негізгі Жаңалықтар Елді мекендер еңсе тіктеп келеді

Елді мекендер еңсе тіктеп келеді

Ауылдың болашағы әрдайым ауқымды жобалардан басталмайды. Кейде ол қарапайым, бірақ маңызды қадамдардан құралады. Жұмысшыларға қолайлы баспана салу, ауылға қажетті мамандарды тарту, дәрігерлерге жағдай жасау, көшелерді жаңарту – мұның бәрі ауыл өмірінің сапасын арттыратын нақты өзгерістер. Денисов ауданында осындай жұмыстар бір-бірімен сабақтасып, жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 

Бұл капсулалық үйлер ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында сатып алынған. Барлығы – жеті үй. Оның біреуі кеңсе ретінде пайдаланылса, біреуі дәмханаға арналған. Үш үй инженерлік-техникалық қызметкерлерге тұрғын үй ретінде берілген. Қалған екі үй жатақхана ретінде жабдықталған.

Ал 10 мың гектардан астам алқапқа дән сепкен кәсіпкер егін жинау жұмыстарына да жаңа тәсіл енгізіп отыр.


Бөлісу