Облыс әкімдігінде «ашық» жобасын енгізу, мониторингтік топтардың жұмыс барысы, сондай-ақ өңірде вакцинация жүргізу мәселелері талқыланды. Мәселен, Әулиекөл ауданында бүгінгі таңда,бірінші компонентпен халықтың 77% егілді.Қостанай облысында ковид-19 вирусына қарсы ревакцинация науқаны басталды. Ол үшін емханаларда вакциналар қолжетімді. Бірінші кезекте ревакцинация медицина мамандары, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне, сондай-ақ 60 жастан асқан қарт кісілерге жасалады.Өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне екпе егу жұмыстарын бақылауда ұстауды тапсырды.Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен ішкі саясат басқармасына вакцинация қарқынын күшейту мәселесін ерекше бақылауда ұстауды және жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.