Өткеннен жеткен өлке тарихы
Қостанай облысының 90 жылдық тарихы – өңірдің қалыптасуы мен дамуын ғана емес, оның тарихи-мәдени мұрасын да қамтитын үлкен кезең. Осы уақыт аралығында өлкенің өткені туралы көптеген дерек жинақталғанымен, әлі де зерттеуді қажет ететін тақырыптар аз емес. Осы мәселелерді кеңінен талқылау мақсатында Лев Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында музей оқулары өтті. Биылғы ғылыми басқосу «Өлке тарихының өзекті мәселелері» тақырыбына арналды.