Негізгі Жаңалықтар Ұлттық музыка: төрт өңір, бір сахна

Ұлттық музыка: төрт өңір, бір сахна

Ұлттық музыканың сан қырын бір сахнада тоғыстыру. Облыстық филармонияның жаңа шығармашылық маусымы осындай мақсатпен басталды. Биылғы бағдарламада Қазақстанның төрт өңіріне тән музыкалық мұра қамтылып, дәстүрлі шығармалар заманауи композиторлардың туындыларымен сабақтастырылады.

Музыкада әр өңірдің өзіндік үні, қалыптасқан орындаушылық мәнері бар. Бірінде күй арқылы тарих сөйлесе, енді бірінде ән арқылы халықтың мінезі мен тұрмыс-тіршілігі көрініс табады.

Бағдарламаның мазмұны дәстүрлі мұрамен ғана шектелмейді. Биылғы репертуарда қазақ музыкасының классикалық үлгілерімен қатар, қазіргі композиторлардың шығармалары да бар. Бұл — ұлттық музыканы тек өткеннің мұрасы ретінде емес, бүгінгі шығармашылық үдерістің бір бөлігі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Сахнадағы әр шығарма — белгілі бір дәуір мен өңірдің музыкалық тынысын жеткізеді. Маусымашар кештің басты ерекшелігі де осында — сан алуан әуеннің бір сахнада үндесуі.


Бөлісу