Негізгі Жаңалықтар «Азатлық» этномәдени бірлестігіне – 5 жыл!

«Азатлық» этномәдени бірлестігіне – 5 жыл!

«Азатлық» этномәдени бірлестігіне – 5 жыл!

Қазақстанда түрлі этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға, дәстүрін дәріптеуге бағытталған этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Олар ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға үлес қосып келеді. Қостанайдағы «Азатлық» башқұрт этномәдени бірлестігінің құрылғанына биыл бес жыл. 

Бес жыл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, белгілі бір істің қалыптасып, дамуына негіз болатын кезең. Осы уақыт ішінде «Азатлық» бірлестігі башқұрт халқының мәдениеті мен өнерін дәріптеп, салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шараны жүзеге асырды. Мерейтойлық кеште ұйымның бес жылдық қызметі қорытындыланып, башқұрт халқының ұлттық әндері мен билері көрермен назарына ұсынылды. 


Бөлісу