Бір мақсат жолындағы жеті қадам
«Мемлекеттік тілге 7 қадам» байқауы — мемлекеттік тілге деген құрметі ортақ, облыстың жас өрендерінің басны біріктірген жоба. Биыл да дәстүрлі түрде жалғасын тауып, үздіктер марапатталды. Жоба жеңімпаздарымен тілшіміз Анель Пимичева тілдесіп қайтты.
Бұл жоба мемлекеттік тілді меңгерген жастарды тануға емес, балалардың бойында мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтаны оятуға бағытталған.
Ал қатысушылардың көбі қазақ тілінде еркін сөйлесемесе де, үйренуге деген зейіні жоғары. Өз ойларын жеткізуге де тырысып көрді.
Бұл басатама 2023 жылдан бері 500 баланы қамтыса, биыл 60 оқушы қатысты, 20 қатысушы үздік деп танылып, 3 жүлделі орын иегерлері анықталды. Оқытушылары да құрметке бөленді.
Қостанай облысы үшін 2026 жыл тіл саласында жемісті болды. Өңірдің тіл жанашырлары мен жас буыны түрлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы форум барысында бірнеше мәрте атап өтілді.
Іс шара арнайы шақыртылған қонақтарымен де есте қалды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің аға сарапшысы Гүлнұр Ембердиева, Мәскеуден келген жерлесіміз Александр Фролов, бүгінде ҚР Құрылтайының депутаты, жоба авторы Наталья Рамазановада жастарға үлгі көрсетті.
Жобаға қатысушылармен жақынырақ танысып, форумның қалай өткенін толығырақ білгіңіз келсе, бейсенбі күні сағат 18:20-да «Біздің бағыт» бағдарламасын көріңіздер!