Негізгі Жаңалықтар Әлеуметтік кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау күшейеді

Әлеуметтік кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау күшейеді

2027 жылдан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілуі мүмкін. Жаңа талаптар әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қызметін дамытуға жағдай жасауды көздейді. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдіріліп, қаржылай және өзге де көмек түрлерін көрсету қарастырылған. 


Бүгінде елімізде әлеуметтік кәсіпкерлер саны 2 мыңға жуықтады. Оның 80-ге жуығы Қостанай облысында тіркелген. Жалпы, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағытында заңнамаға 120-ға жуық ұсыныс түскен. Соның 25-і қаралып, тиісті мекемелердің мақұлдауына жіберілген. Ұсыныстардың қатарында әлеуметтік кәсіпкерлерге мемлекеттік коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру кезінде қосымша жеңілдіктер қарастыру мәселесі де бар.


Бөлісу