Негізгі Жаңалықтар Талап – тіл табиғатын сақтау

Талап – тіл табиғатын сақтау

Қазақ тіліндегі сөздер мен ұғымдарды қолдануда бірізділік болуы керек. Бұл мәселені Мемлекет басшысы да назардан тыс қалдырмады. Оның айтуынша, қазір кейбір сөздер мен терминдер әртүрлі қолданылып, тілдік жүйелілікке нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан алдымен емле ережелерін реттеп, орфографиялық сөздікті жаңарту қажет. Сонымен қатар Президент қазақ тілінің цифрлық кеңістікте дамып, заманауи технологиялармен бірге өрісін кеңейтіп келе жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Президент қазақ тілінің емле ережелерін заман талабына сай жетілдіру қажеттігін атап өтті. Қазақ тілінің ресми бекітілген орфографиялық сөздігі соңғы рет 1983 жылы жарық көрген. Содан бері бірнеше сөздік шыққанымен, олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген. Ал кейбір көрші елдерде мұндай ғылыми еңбектер әр бес жыл сайын жаңартылады.

Тіл жанашырлары да бұл мәселеге алаңдаулы. Әсіресе, аударма кезінде сөздің бастапқы мағынасы мен тілдік табиғаты ескерілмей, қолданысқа қисынсыз баламалар еніп жатқанын айтады. Мұндай олқылықтар қазақ тіліндегі бірізділікке кері әсер етеді. Журналсит Жандос Жүсіпбек бұл ретте калькаға ерекше тоқталды.

Осыған байланысты орфография мәселесін ғылыми тұрғыда зерделеп, келер жылдың соңына дейін жүйелеу міндеті қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстарған кәсіби тіл мамандарын, ғалымдар мен сарапшыларды жұмылдырып арнайы жұмыс тобын құру ұсынылды. Сонымен қатар тіл ғылымына қатысты баршаға қолжетімді әмбебап цифрлық жүйе әзірлеу міндеті қойылды. Оның жұмысын Президент Әкімшілігі үйлестіреді.



Бөлісу