Қостанай өңірінде қандастар саны артып келеді
Соңғы 3 жылда Қостанай облысына 384 отбасы көшіп келген. Қандастардың жалпы саны – 1 041 адам. Биыл олардың 203-і өңірлік квота аясында қабылданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35,3 пайызға жоғары.
Қандастарды өңірге орналастыру кезінде ең алдымен жергілікті жердегі жұмыс күші қажеттілігі назарға алынады. Қоныстандыру бағыттары ретінде Қостанай мен Рудный қалалары, сондай-ақ Қамысты, Федоров, Науырзым, Жітіқара, Бейімбет Майлин, Денисов және Сарыкөл аудандары белгіленген. Көшіп келушілердің білімі мен еңбек тәжірибесі зерделеніп, сол бойынша өңірдегі бос жұмыс орындары ұсынылады.