2027 жылдан бастап әлеуметтік төлем алу тәртібі өзгереді
Жңа жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді. Жаңашылдықтың басты мақсаты – тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Осы жылдың 1 қазанынан бастап мансап орталығында жұмыс іздеу мерзімі 13 күнге ұзартылды.
Жұмыссыз мәртебесін алған соң төлемге eGov.kz, Enbek.kz порталдары, банк қосымшалары, SMS арқылы немесе ХҚКО мен мансап орталығына барып өтініш беруге болады. Төлем 3 айға дейін тағайындалады. Оның мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табыстың 45 пайызын құрайды. Ал ең төменгі жалақының 110 мың теңгеге өсуіне байланысты төлемнің ең жоғары шегі айына 346,5 мың теңгеге дейін артады. Төлемді тек міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар алады.