Негізгі Жаңалықтар Q-Gate: шекаралық бақылаудың жаңа мүмкіндігі

Q-Gate: шекаралық бақылаудың жаңа мүмкіндігі

Q-Gate: шекаралық бақылаудың жаңа мүмкіндігі

Қостанай әуежайында паспорттық бақылаудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді халықаралық рейстердің жолаушылары паспорттық бақылаудан шекара қызметкерінің тікелей қатысуынсыз өте алады. Ол үшін мұнда Q-Gate автоматтандырылған құрылғысы орнатылды. 

Әуежайдағы ұзын-сонар кезек пен құжат тексеруге кететін уақыт енді қысқаруы мүмкін. Қостанай әуежайында енгізілген Q-Gate жүйесі жолаушыларға паспорттық бақылаудан өз бетінше өтуге мүмкіндік береді. Арнайы құрылғы паспорттағы мәліметтерді оқып, жолаушының жеке басын сәйкестендіреді. Осылайша, бұрын қызметкер атқаратын тексерудің бір бөлігін енді автоматтандырылған жүйе орындайды. 


Бөлісу